Путин 30 күндік уақытша бітім кезінде Украинаға қару-жарақ жеткізуді толық тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Журналистердің мәліметінше, бұл талапты Владимир Путин өткен аптада Мәскеуге келген Дональд Трамптың өкіліне жеткізген.
Мәскеудің басты мақсаты – бітім кезінде Украинаға қару-жарақ жеткізуді толық тоқтату. Минималды мақсат – АҚШ-тың әскери көмегін тоқтату, деп жазады басылым.
Кремль де, Ақ үй де бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
Бүгін күннің екінші жартысында Трамп пен Путин телефон арқылы келіссөз жүргізіп, уақытша бітім мәселесін талқылауы мүмкін.