Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзім тергеуде үш жарым жыл отырдым". Қырғызстан президенті түрмедегі азапты жылдарын еске алды

20:35, 27 желтоқсан 2025

Қырғызстанда Халық құрылтайының делегаты №1 тергеу изоляторындағы жағдайларға қатысты шағым түсіргеннен кейін ел президенті Садыр Жапаров бұл мекеменің демалыс немесе курорт орны еместігін мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлады.

Президент тергеу изоляторлары мемлекеттік бюджет есебінен жылу және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілгенін, алайда қауіпсіздік талаптарына байланысты пеш қолдануға рұқсат етілмейтінін айтты. Оның сөзінше, электр энергиясына кететін шығындар салық төлеушілердің есебінен өтеледі.

«Мен өзім екі рет тергеу изоляторында отырдым: алғашында тоғыз ай, екінші жолы үш жарым жыл. Шағымдандым ба? Жоқ. Себебі бұл – тергеу изоляторы», – деді Садыр Жапаров.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары пенитенциарлық жүйедегі жағдай айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда тұтқындар күніне үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етіледі, бірдей форма киеді, жұмыс істеп, табыс табуға мүмкіндік алады. Кейбірі тіпті отбасына қаржылай көмек жіберіп жүр.

«Бұрын жағдай әлдеқайда қиын болатын. Түрмеде жүргенде жыртылған резеңке тәпішкені сыммен байлап, қыста сонымен жүретінбіз. Қазір барлығы үшін жағдай тең», – деді президент.

Сонымен қатар Садыр Жапаров түрмелердегі жағдайдың толық мінсіз болуы мүмкін еместігін де мойындады. Оның айтуынша, сот немесе тергеу барысында кеткен қателіктер салдарынан кейбір азаматтар әділетсіз ұсталып отыруы ықтимал.

«Егер аудит жүргізілсе, тұтқындардың шамамен 10 пайызы әділетсіз қамауға алынғаны анықталуы мүмкін. Бұл – сот пен тергеу жүйесіндегі қателіктер. Біз бұл мәселені де қарастырып жатырмыз», – деді Қырғызстан президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар