Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өздеріне сол керек!"- Украина жақтаушысы Путинге көмектескені үшін қазақтарды су басқанын айтты

19:08, 17 сәуір 2024 860

Өзіне Апостол деп ат қойған Киевтің сойылын соғушы әрі белсенді Дмитро Карпенко бұл күндері су тасқынымен күресіп жатқан қазақтарды келемеждемек болды,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Карпенкода су тасқыны аймағындағы адамдарды күстаналамақ ниетін ашық танытты. Өзінің YouTube арнасында таза орысшалап қазақ халқына қатысты пікір білдіді:

«Қазақтарда нөпір ме? Болса қайтейік? Өзеріне сол керек. Сіздер Путинге көмектесе түсіңіздер, тағды жа бірнәрселер бола жатар. Түсінемін, қазір көбі Қазақстанға қарата "біз біргеміз", "тілекшіміз" дегенді айтып шығады. Атаңның басы, тілекшіміз. Екі жыл бойы Қазақстаннан бір жақсылық көрмедік, - деді Киев сойылын соғушы. 

Бандеровский Қазақстанға қарсы Голландияны мақтап, голландиялықтар "мыңдаған, миллиондаған есе көп берді" деді. Карпенко Астананың "қару-жарақ, дрондар" сатып алғаны туралы құжаттары бар деп мәлімдейді, содан кейін оларды Ресейге жеткізгенін айтты.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар соғыс басталғалы украиналықтарды қолдау мақсатында бірншеше мәрте қаржы жинады. HAQ қозғалысының бастамашысы Тоғжан Қожалиева Алматыда 2022 жылы 3 наурызда өткен баспасөз мәжілісінде қазақстандықтардың аталған мерзімге дейін 100 млн теңгенің көмегін жинағанын айтты. 

Бізге өткен жұмада Қазақстандағы Украина елшілігі гуманитарлық көмек беру, оның ішінде дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жүгінді. Сол күні «Ел болашағы» азаматтық қозғалысының 15-ке жуық мүшесі де осындай бастама көтерді. Олардың қатарында Арман Шораев, Досым Сәтбаев сынды елге танымал азаматтар бар. Укаинадағы жағдайға немқұрайлы қарап отыра алмадық, сол себепті ел халқынан көмек жинауды бастап кеттік,-дейді Қожалиева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар