Оралда жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бейнежазбада бір топ ер адам Шолохов көшесіндегі АЗС аумағында қолдарына дубинка алып төбелес ұйымдастырған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл төбелестің қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған оқиғаға байланысты екенін хабарлады.
«Таңғы сағат 05.00 шамасында түнгі клубқа бір келуші кірген, алайда оның мас күйі мен агрессивті мінез-құлқына байланысты күзет оны кіргізбей қойған. Кейіннен ер адам пышақпен келушіге және мекеме күзетшісіне жарақат салған. Келушілер тобы мен күзет қызметі пышақ ұстаған адамды жанармай құю станциясында ұстап, полиция қызметкерлері келгенше оны соққыға жыққан. Ер адамға қатысты қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және бұзақылық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Ведомство түнгі клуб күзетшілеріне қатысты бұзақылық фактісі бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалған.