Алматы облыстық Полиция департаменті Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды өлтіріп кетуі мүмкін екенін айтты.
Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жастағы Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын айтты.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.
Бүлдіршінді әлі іздеп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, – деп атап өтті ведомстводан.