Израиль барлау қызметі Иран басшылығының Дональд Трамптың көзін жою бойынша нақты жоспар әзірлегені туралы құпия мәліметтерді Вашингтонға шұғыл түрде жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz Bild-ке сілтеме жасап.
Дереккөздердің атап өтуінше, Иран режимі қастандық жасау туралы өзінің бұрынғы сценарийлерін айтарлықтай жаңартып, пысықтаған. Тегеран Трамптан кек алуға алғаш рет 2000 жылдың қаңтарында ашық түрде ант берген болатын. Сол кезде АҚШ лидерінің жеке бұйрығымен MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараты Бағдат әуежайының маңында ықпалды ирандық генерал Қасем Сүлейманидің көзін жойған еді.
Алайда израильдіктер білген жаңа қастандық жоспарының бұдан да салмақты жаңа себебі пайда болды. CNN мәліметтеріне сүйенсек, Иран арнайы қызметінің белсенділігін арттыруға жақында ғана, 2026 жылдың ақпан айының соңында жоғарғы аятолла Әли Хаменеидің қаза табуы түрткі болған.
Дональд Трамптың өзі Түркиядағы НАТО саммитінен оралып келе жатқанда, Air Force One бортындағы пул журналистеріне бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп үлгерді. Ол өзінің өміріне төнген қауіптен толық хабардар екенін растады.
«Олар АҚШ президентінің, яғни менің көзімді жойғысы келеді. Бүгін таңертең мен есептерді зерттеп шығып, олардың әрбір ату тізімінде бірінші нөмірде тұрғанымды түсіндім. Осы уақытқа дейін, сірә, менің бағым жанған шығар. Бірақ бұл сәттілік ұзаққа созылмауы мүмкін», — деп мәлімдеді Трамп.
Ақ үй мен АҚШ Құпия қызметі Израильден алынған мәліметтер аясында Трампты қорғау үшін нақты қандай қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданғаны туралы әзірге ресми түрде түсініктеме берген жоқ.