"Сайттардан бір ақпарат оқып, әрі-сәрі боп отырмын. Бәсе, көңілде бір күдік болып еді. Қаржаубай отбасы - бұрынғы олигархтар мен ескі шенеуніктердің жасырын ұйым ретінде (мамыр айынан бастап) құрылған тобының құрбандарына айналған секілді..Шерзат ісін пайдаланып, халықты қазіргі билікке айдап салу арқылы екінші Қаңтар жасайтын ойлары бар дегенді екі БАҚ-тан оқыдым. Біреудің жан қайғысын саяси ойынға айналдыру үшін де ештеңеден шімірікпейтін сұм болу керек шығар..Нұрқанат өлімі де тегін емес, демек..Елді ашындыру мақсатында жасалған тәсіл болуы да ғажап емес. Ал әлеу.желілерде Талғар оқиғасы туралы жазбаған, айтпаған өнер жұлдыздары мен танымал блогерлерден “отписка” жасаймыз деп, “қоқан-лоққы” жасау арқылы бұл істі үлкен шуға айналдырып, елді көтеру екен - түпкі мақсаттары. Үлкен концерттерге стадиондарға жиналған халықты көрсетіп, “ана қалада митинг болғалы жатыр, мына қалада көтерілейін деп жатыр” деп, жалған ақпараттарды да таратып жатқандар сол топтың мүшелері дейді. 500 белсендісі (айтишниктерімен қоса) бар ботоферма жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сол іс-шараларға 300 млн.қаражат жұмсалған дейді, рас болса.Талғардың бандасы ойнамай қалған сияқты ғой, мына саяси ойынның жанында) Қаржаубайдың қамалу себебі де сол сияқты. Зиян жасалмайды деп сенем. Арандатушылардан аулақ болсын дегендері шығар. Ал қарындасы арандатуға түсіп қалған-ау. Ашу үстінде айтылған сөздер болса да, ой-пікірі солай боп тұр ғой. Қанша жыл елді билеп-төстеген шенеунік, әккі саясаткерлерге қайғыдан қажып, ашу-ызаның үстіндегі адамдарды арандату, елдің осал тұсын дөп басу - түк емес, әрине. Шерзат ісіндегі қылмыскерлердің түгел қатаң жаза алуына қазіргі билік те мүдделі деп ойлаймын.Нұр -атамыздың Путинге жетіп барғаны да - жоғарыда аталғандарды растағандай әрекет екен.. Ал Нұрқанат өлген күні түнгі 2-де сол маңайда жүрген полицей кім? Неғып жүр?..Кімнің тапсырмасын орындап жүр? Кездейсоқтық па, әлде ана ұйымның жансызы ма? Ішкі Істер министрлігі өз репутациясын ақтап алам десе, кадрларына тексеру жүргізіп, күдікті жағдайдың бәрін анықтап, нәтижесін ел алдында жарияласа. Сол кезде елдің жоғалған сенімі қайта қалпына келіп, көкейдегі күдік те сейілер. Бұл істе бұлыңғыр нәрсе көп деген ойымыз да бекер емес екен ғой.. Елге тыныштық керек, бізге 2-Қаңтардың қажеті жоқ!", - Ляззат Ахатова.
"Нұрқанаттың өлімі де тегін емес. Бізге 2-Қаңтардың қажеті жоқ": Адвокат Талғардағы оқиға бойынша шұғыл мәлімдеме жасады
"Кино түсірген" - Алматыда пойызда уланған балаларға қатысты полиция мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
20:37, 11 желтоқсан 2025
«Бір жыл бойы сеніп келдік»: Қарағандыда логопед cабақ кезінде баланы басынан нұқыған (ВИДЕО)
19:00, 11 желтоқсан 2025
«Салтанат Нүкенованың отбасына 40 күндікке 1,5 млн теңге бердім» - Уәлихан Бишімбаев
16:22, 11 желтоқсан 2025
ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов журналиске қазақша жауап бере алмай, ұятқа қалды (ВИДЕО)
14:00, 11 желтоқсан 2025
Димаш үшін қазақ тілін үйреніп, атын ауыстырған америкалық қыз жұртты сүйіндірді (ВИДЕО)
13:34, 11 желтоқсан 2025
4 адам көз жұмды, 4 адам ауруханаға түсті: Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
12:45, 11 желтоқсан 2025
"Украина тарапымен түсіністік бар": СІМ басшысы КҚК-ға соққылар туралы айтты
11:42, 11 желтоқсан 2025
Атырауда блогерді зиратқа апарып, қорқытып, ұрған - екі қызға қатысты сот басталды (ВИДЕО)
11:00, 11 желтоқсан 2025
Абай облысында құрылыс компаниясы 64 үлескерден заңсыз 1 млрд теңгеден астам қаржы тартқан
10:33, 11 желтоқсан 2025
"Тауып жазалау керек" - Депутат Әбенов қоғамда өте өзекті мәселеге тоқталды
09:50, 11 желтоқсан 2025
Өлім жазасы - Қырғызстан Конституциялық соты өлім жазасын қайта енгізуге жол бермеді
09:26, 11 желтоқсан 2025
«4 теміржолшы оқиға орнында көз жұмған». Шұғыл! Қарағанды облысында ірі теміржол апаты орын алды
22:03, 10 желтоқсан 2025