Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев, Қаңтардағы халықтың қаны аз болды ма? Путинге барып не айттыңыз? - АЙГҮЛ ОРЫНБЕК

12:03, 16 желтоқсан 2024 1096

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Путинмен кездескен Назарбаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы facebook парақшасында жазды.

Әрбір шудың артында бір дирижер тұрады халық бұны түсіну керек.

Бұл шудың артында кімдер тұр деп іздеп қажеті жоқ. 

Себебі  бүгін шыққан мына сурет  барлық сұрақтарға жауап!

2021 жылы желтоқсан айында Назарбаев Путинге барып сәлем салып қайтқан еді. Артынша қаңтар оқиғасы орын алды.

Биыл  тағы не үшін барды ?

Уа Нұрсұлтан Әбішұлы  қаңтардағы халықтың қаны аз болды ма, тағы қанша адам өлу керек?

Әдемі қартаю дегенді түсінбейді екенсіз!

Қаңтардан кейін отбасыңыз қамалмай, аман есен жүргеніне қуанудың орнына бүгін тағы Путиннің алдына барыпсыз.

Тақты бердіңіз бе, енді арқарай елдің дамуына мүмкіндік берсеңші аяқтан шала бермей!

Нұрсұлтан Әбішұлы!

Путиннен барып не сұрадыңыз немесе кімді қоюды сұрадыңыз?! 

Бүкіл отбасы мүшеңіз бостандықта бұдан артық не керек,неге тыныш жатпайсыз?

Тағы бір қанды қаңтар жасағыңыз келіп отыр ма?

“Елге сіңген еңбегіңіз бар” ғой,  деп  құрметтеуші едім, бүгін мына суретті көріп қатты көңілім қалды.

Жан жақтан #ЗаШерзат деп көшеге шығуды талап етіп жатқандар, артында кімдер тұрғаны белгілі болды!

Елге ылаң салғысы келіп отырғандарға жол бермейік ағайын! 

Тағы қайталап айтамын мен  бейбіт елде өмір сүргім келеді!, деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар