Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді”,- делінген Ақорда таратқан хабарламада.