Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұғалім діни басқармада не істеп жүр? Бандиттерге дейін мемлекеттік қызметте! - АЙГҮЛ ОРЫНБЕК

11:17, 05 наурыз 2025 841

Қоғам белсендісі, білікті заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласындағы жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы өзінің интсаграмдағы парақшасында жазды.

“Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысының назарына!

Ең бірінші Шымкент қаласының дін істері басқарма басшысын ауыстыруды сұраймын!Шымкенттің идеологиясын қатырмаған адам, діни басқармасын қатырады деп ойламаймын!Химиядан сабақ берген ағай, діни басқарманы қалай басқарып отыр?! Біз қай мазхабты ұстанатынымызды біледі ме екен?

Үш жыл бойы жеке діни мектеп мұрындарының астында жұмыс істеп келген. Соны ішкі саясат, дін істер басқарма басшылары неге білмеген?Бұл дегеніміз яғни әр маман өз саласымен жұмыс жасап жатқан жоқ!

Шымкентте кадрлық тағайындауларға арласа бермейтін едім.  Бірақ білім және дін және ішкі саясат басқармалары ойнайтын жер емес. Арнайы кадрлық тексеру жүргізуіңізді сұраймын!

Әйтпесе бандиттерден бастап, туған жылын ауыстырып, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып кеткен. Дұрыс тағайындалмаған кадр қаланың құлдырауына әкеліп соғады!”, — деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар