Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мені әже қылуға асықпа, ұлым». Ләйлә Сұлтанқызы ұлын туған күнімен құттықтап, аналық ақылын айтты

09:16, 26 қаңтар 2025 862

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлын 18 жасқа толуымен құттықтап, жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Мені әже қылуға асықпа, ұлым. Туған күніңмен! Мен үшін мәңгі бала болғаныңмен, қоғам үшін енді ересек адамсың. Анашың бұрыңғыдай жаныңнан әркез табыла бермес. «Азамат» деген атқа сай, жауапкершілігің де арта берсін. Енді сен: Әр ісің үшін, әрекетің үшін, сөзің мен уәдең үшін, бастысы өзің, аманат қылып берген денсаулығың үшін,адал қарым-қатынас үшін өзің жауаптысың.

Қателесуден қорықпа, балам! Өмірде басқан әр шалыс қадамың - сабақ! Құндылықтарыңды да солай айқындарсың, бұйырса. Тормоз болма! Адамдармен дұрыс коммуникация -  ертеңгі бизнесіңнің, өсуіңнің, жарқын болашағыңның кепілі.

Әдемі, жақсы өмірге ұмтылсаң, артық шашылмауға, шашпауға тырыс! (Әкең үйреткендей). Ути-пути жоқ енді. Қысқасы, әскерге баратын жасқа жетуіңмен!  18 жасыңда үйлендіремін деп еді әкең, бірақ, сен мені әже қылуға асықпа, ок?”,- деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар