Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде эксклюзивті кадрлар жинаған блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің не үшін қамалғаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Авиакатастрофа тақырыбына байланысты мені халықаралық жаңалық агенттіктеріне, мысалы, @reuters, @guardian, @bbcnews, @cnn және т.б. фотосуреттерді сатты деп айыптап жатыр.
Шын айтайын, бұл суреттерден миллиондап ақша тапқан жоқпын. Маған суреттер үшін 150 доллар жіберді, тағы 200 долларды бір-екі жаңалық агенттігі төлеуі керек. Әзербайжан телеарналары маған 500 доллар ұсынып, мені өздерінің арнайы тілшісі болуға шақырды. Бірақ, өкінішке қарай, мені 10 тәулікке қамауға алды…
Бірақ мәселе онда емес. Мен қаламақы үшін жанталасқан жоқпын. Мен үшін тәжірибе мен әлемдік жаңалықтар ресурстарымен жұмыс істеу мүмкіндігі маңыздырақ болды. Қарапайым маңғыстаулық жігіттің түсірген суреттері бүкіл әлемге тарағаны мен үшін үлкен құрмет болды!
Басқаларға қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін, қоғам белсендісі, блогер және ішкі жан дүниесі журналист ретінде бұл – деңгей!
P.S. Бүгін маған осы фотосурет, жоғары сапада түсірілгендіктен, әлемдік жаңалық сайттарында тез тарап, сарапшыларға ұшақтың құсқа соғылмағанын анықтауға көмектескенін айтты”,- деп жазды ол.