Белгілі блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова екінші рет ана атанды, деп хабарлайды Alash.kz
Бұл қуанышты хабарды ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
“Біз сені күттік, Бөбегім.
Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы.
Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз жазбасында.
Блогердің жазбасынан босануы оңай өтпегені байқалады.
Көпшілік оның өмірі мен сәбиінің амандығына қуанып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
“Бауыр берік болсын”, “Қандай қуанышты жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына шүкір”, “Алла денсаулық берсін” – деп жазды желі қолданушылары пікірлерінде.