Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мен сені қатты жақсы көремін”: Қайрат Нұртас отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

17:00, 08 желтоқсан 2025

Әнші Қайрат Нұртас қайын жұртының тойында төбе көрсетіп, жас жұбайларға жүрекжарды тілегін арнады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімованың туған інісі отау құрып, сән-салтанаты жарасқан дүбірлі той өтті.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ана-әке, бүгінгі көздеріңізден көріп тұрған қуанышқа тоймай тұрмын. Құдай көп көрмесін. Айсұлтан, сен осы отбасындағы ерекше жансың ғой, мен сені қатты жақсы көремін. Бауырым, екеуіңе барлық жақсылықты тілеймін. Биіктен көріне беріңдер. Құдай қаласа үбірлі-шүбірлі болыңдар. Келген құдалар, төрге шыққандарыңыз құтты болсын. Осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын. Екеуің мәңгі бір-бірлеріңді сүйіп жүрсін дей отыра, "Сені сүйемін" деген әнімді арнағым келіп отыр. Баршаңызды ортаға махаббат вальсіне шақырамын. Той тағы да құтты болсын", - деді Қайрат Нұртас.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар