Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеуде 116 жыл бұрын болған апат қайталанды

19:32, 02 мамыр 2025 1272

Мәскеу мен оған іргелес аумақта көктемде қалың қар жауып, ағаш құлаған, көліктер қар астында қалды. Синоптиктердің айтуынша, бұндай құбылыс соңғы рет 116 жыл бұрын болған екен,  деп жазады Alash.KZ.

SHOT деректеріне сәйкес, ең көп зардап шеккен аумақ – Зеленоград. Тек өткен түні ғана тұрғын үйлердің аулаларында кемінде 20 ағаш құлаған, олардың біразы көліктердің үстіне құлаған.

Матушкино ауданында электр сымдары үзіліп, жарық беру жүйесі бұзылған. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала есеп бойынша, кемінде 5 көлікке айтарлықтай зақым келген. Қар әлі де жауып жатқандықтан, толық шығын мөлшері анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар