Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маған өте ұқсайтын еді. Оны ұстап отыру мүмкін болмады“: Назарбаев жиен немересі Айсұлтанды еске алды

11:57, 23 маусым 2026

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың өлімі туралы пікір білдірген, деп хабарлайды Alash.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Деректі фильмде Назарбаев үш қызынан тараған немерелері бар екенін айтып, 2020 жылы бір немересінен айырылғанын еске алады. Ол Айсұлтанның өзіне қатты ұқсайтынын айтып, оның өмірден ерте кеткеніне өкінетінін жеткізген.

"Өкінішке қарай, биыл бір немеремді жоғалтып алдық. Ол маған өте ұқсайтын еді. Өз уақытынан ерте өмірден өтті", – деген Назарбаев фильмде.

Сондай-ақ ол Айсұлтанның денсаулығы мен өмір салтына қатысты қиындықтар болғанын айтып, отбасы оны емдетуге тырысқанын жеткізген. Назарбаевтың сөзінше, оны Мәскеуде де, Лондонда да емдеткен, алайда жағдайды толық бақылауда ұстау мүмкін болмаған.

"Оны ешқайда жібермесе де болар еді. Бірақ оны ұстап отыру мүмкін болмады. Ол бұл істің құлы болған, тоқтай алмады. Біз оны Мәскеуде емдедік, Лондонда да емдедік. Қайта шығып, қайта оралатын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы өмірден өтті. Оның қазасы сол кезде қоғамда үлкен талқылау туғызған еді. Ол Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы болатын.

"Штрихи к портрету" деректі фильмі Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған көпсериялы жоба ретінде ұсынылған. Фильмде оның жеке өмірі, отбасы, саяси жолы және бұрын көп айтыла бермеген естеліктері қамтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар