Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
«Мөлдірдің шаңырағында үлкен қуаныш! Бір қуаныш емес, үш қуаныш. Бірі - мектеп бітіріп жатыр, бірі - университет тәмамдап жатыр, ал тағы бірі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Қандай бақытты анасың! Аллаға шүкір! Осы бақытың еселене берсін», – деді Жазира Байырбекова.
Өнер иесі өз сөзінде алдағы тойға қызу дайындалып жатқанын айтты.
“Әр шаңырақта осындай той болсын! Өте қуаныштымыз! Қандай той болғалы жатқанын жасырып жүрген едім. Жазоктай айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірмін”,- деп жазды Мөлдір Мұқан.