Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Бауыржан Қаптағай өткендегі қателігін мойындады

13:58, 23 маусым 2026

Танымал театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолындағы ең үлкен қателіктерінің бірі туралы ашық айтты. Өнер иесі кезінде қазақ сахнасының абызы, өзінің ұстазы Асанәлі Әшімовке қарсы құжатқа қол қойғанын мойындап, тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz Dalanews.kz сілтеме беріп.

Өнер иесі қазақ сахнасының абызы, ұстазы Асанәлі Әшімовке қатысты кезінде қателік жібергенін мойындады. Оның сөзінше, бір кезде көптің ықпалымен Әшімовке қарсы жазылған құжатқа қол қойған. Кейін бұл әрекетіне өкініп, ұстазынан жеке өзі кешірім сұраған.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейін өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ол кісі менің ұстазым болды. Бізде Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де, Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.

"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Танымал актер тосын жайтты айтты (ВИДЕО)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар