Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күйеуімен қоса енесі де ұрып келген: Германияда қайтқан қазақ қызы туралы тың дерек шықты

14:59, 18 маусым 2024 1594

Германияда жоғалып, артынша денесі пакеттің ішінен табылған қазақ қызы Айгүл Сайлыбаеваның жұмбақ өлімі туралы оның ағасы бар мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Марқұм Айгүлдің ағасы Қанат Сайлыбаев күйеу баласының бұндай құйтырқы әрекеті барын білмеген. Алайда, олар отасқалы бері бірнеше рет қоныс аударғанын жасырмады. 

Stan.kz хабарлауынша, күйеу баласы бір орында тұрақтай алмайтын адам. 

“Олар Қазақстанан көшіп кеткен соң Мәскеу қаласында тұрды. Кейін Германияның Лейпциг қаласына, одан соң Бенсхайм қаласына көшіп кетті. Былтыр Америка Құрама штатындағы Майами қаласында тұрды. Кейін қайта Бенсхаймға қоныс аударды. Қазір байқап қарасам аз уақытта олар бірнеше мәрте қала, ел ауыстырып, көшіп-қонып жүрген. Александр Донцов бір орында тұрақтай алмайтын сияқты болып көрінді. Мүмкін біреуден қашып жүр ме екен?! Оның қанша азаматтығы бары бір Құдайға ғана аян. Ол өзінің отбасылық өмірінің жағымсыз тұстары көп әңгіме қылмайтын. Біз ол туралы мүлдем білмедік. Ол отбасын жақсы, үлгілі жағынан көрсеткісі келген болар. Күйеуі мен оның анасын сөзге қалдырмас үшін көп нәрсені бұғып қалатын”, – дейді Айгүлдің ағасы.

Айгүл Сайлыбаева Қазақстанға келген уақытында отбасылық өмірінде көрген қиыншылықтарын сіңілісі Жұлдызайға баяндап берген. Күйеуінен бөлек, енесі де оны ұратынын айтқан екен. 

“2024 жылдың 6 ақпанына дейін Айгүлдің жағдайы жақсы деп ойладым. Бірақ екеуіміз кездескенде ол күйеуі Александр Айгүл мен қызының барлық құжаттарын тартып алып, үйден тыс жерге жасырғаны туралы білдім. Ол Айгүлге қызымен бірге үйден шығуға және жақындарымен сөйлесуге тыйым салған. Александр Айгүл артық әңгіме айтып қояды деп қорыққан. Мен оған Қазақстанда қалуға кеңес бердім. Бірақ ол қызы үшін Германияға қайту керегін айтты. Мұнда қызымен қалса күйеуі Германия полициясына оның бала ұрлағаны туралы айтып, арыз беруі мүмкін екен. “Жалғыз өзің ұшуға қорықпайсың ба?” деген сұрағыма Айгүл нәрсені білетінін және оған айтарлықтай ештеңе істемейтінін айтты”, – дейді Жұлдызай Абудбаидова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар