Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күйеуін аяусыз өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған”. Көңілдесімен бірге сұмдық қылмыс жасаған әйел жайлы дерек шықты

10:00, 08 шілде 2025 496

Үндістанда өзге ер адаммен көңіл жарастырған әйел күйеуін аяусыз өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Карнатака штатында Сумангала есімді әйел 50 жастағы күйеуі Шанкарамуртидің көзіне шөп салып жүрген. Ол Нагараджу есімді ер адаммен көңіл қосқан. Әйел күйеуі оның бақытына кедергі келтіріп жатыр деп ойлап, одан құтылуды ұйғарған. Қылмысты Сумангала көңілдесімен бірігіп жасаған. Оқиға кезінде Шанкарамурти үйде жалғыз болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел күйеуінің көзіне ұнтақталған чили бұрышын шашып, кейін таяқпен соққыға жыққан. Содан соң оның мойнын аяғымен басып тұншықтырған. Қылмысты жасаған соң, Сумангала мен Нагараджу ер адамның мәйітін қапқа салып, үйден 30 шақырым жердегі басқа біреудің фермасына апарған. Сол жерде олар құдық тауып, мәйіт салынған қапты соған тастаған.

Бастапқыда полицияға Шанкарамуртидің жоғалғаны туралы хабарланған. Тергеу барысында полицейлер оның төсегінен чили ұнтағының қалдығын тапқан. Сумангала жауап алуға шақырылып, оның телефон қоңыраулары зерттеліп, Нагараджумен бірге қылмыс жасағаны әшкереленді. Қазіргі уақытта қылмыскерлердің қандай жаза алатыны белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар