Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Көздің қарашығындай қымбат” - Абай Бегей қыздарына арнау айтып, елді тәнті етті(ВИДЕО)

18:11, 25 шілде 2025 240

Танымал эстрада әншісі Абай Бегей қыздарына арнап ерекше ән шығарды, деп жазады Alash.kz.

Әнші су жаңа әнін қыздарымен бірге арнайы түсірген Reels-пен бірге Instagram парақшасында жариялады:

Қыз бала — көздің қарашығындай қымбат, гүлдей нәзік жаратылыс.

Қыз — тәрбие мен көркем мінездің айнасы.

Қыз баланың бір ғана мейірімі — мың жылдық махаббатқа тұрарлық.

Қыз — ақыл мен ибалықтың жарасымы. Қыз — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін болашақ ана.

Қыз — жүрек жылуы, шаңырақтың берекесі, өмірдің сәні.

Қыздың ары — елдің ары. Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі.

Қыз бала — табиғаттың ең асыл жауһары.

Қыз — мейірімділік пен ізгіліктің бастауы.

Әр үйге тән тәтті қыз бұйырсын Аллам! 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар