Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кешірім сұраймын!" - Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат депутат Мұқаевтың да парақшасында жарияланды (Видео)

16:31, 15 мамыр 2025 1991

Кеше бірқатар БАҚ, телеграм арналар мен танымал тұлғалар экс-президенттің жұбайы Сара Алпысқызының өмірден өткені жайлы тараған жалған ақпаратты жарыса жазған болатын, дейді Alash.KZ. 

Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қаралы хабар жайында инстаграм-парақшасында жазып, көңіл айтты. Бірақ кейін Kursiv тілшісіне берген пікірінде оны жоққа шығарып, кешірім сұрады.

«Парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Басқа да әлеуметтік желілер де сол кісінің өлімі жайлы тараған еді. Мүмкін, соны көшіріп салған болар. Мен емес, көмекші балалар салды. Дәл осы дүниеге қатысты мен кешірім сұраймын», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар