Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұйырса күтіңіздер”: Жұлдыз Әбдікәрімова көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

15:48, 20 қаңтар 2026

Жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алауға қатысты сүйінші жаңалық шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Алау алғаш рет киноға түсуге шақырту алып, басты рөлді сомдайды.

Алау болашақ арманына аз-аздап әрекет жасап жүргенін білесіздер. Енді үлкен картинаға шақырту алды. Бұл таптырмас тәжірибе болады деп қараймын. Алауды әуежайға шығарып салуға бара жатырмын. Алматыға үшады бұйырса. Керемет жаңалығымды бөлісейін. Ана ретінде өте қуаныштымын. Неге десеңіздер, үлкен картина шыққалы жатыр. Алау киноға түскелі жатыр. Кәсіби актерлермен бірге, оның ішінде елдің сүйіктісі Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров деген секілді актерлермен бірге түседі. Алау басты рөлдердің бірін сомдайды. Сондықтан осы көктемде күтіңіздер. Үлкен экранға шығады”,- деді актриса.

Алау да өз кезегінде уайымын жасырмады.

"Қолдауыңызға рахмет, мама. Енді мен кішкене уайымдап жүрмін. Бұл менің алғашқы үлкен жобам. Қобалжып жатырмын", - деді ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова қызына әрқашан қолдау танытатынын айтып, аналық ақ тілегін білдірді.

"Мен де ана болғандықтан тақымымды қызым үшін қысып отырамын. Бағыт-бағдар беріп отырамын. Балаларымның барлық бастамасын қолдауға дайын тұрамын. Көрсін, білсін, ойлансын деген ниетте", - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар