Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың миссиялары аяқталды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда реформалардың жаңа кезеңінде Қазақстанға қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша жалпыұлттық диалогты тұрақты түрде жүргізуге арналған ауқымды алаң қажет екенін айтты.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызы бар миссиялары іс жүзінде табысты аяқталғанын атап өтті. Президент Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынды.
«Жаңа институт өз қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функциялық стратегиялық сабақтастығын жалғастыруы тиіс. Яғни қазақ мемлекеттілігін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жүйелі түрде нығайтуды сақтау айрықша маңызды деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.