Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кандидатурасы бірауыздан мақұлданды”. Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын жария етті

12:41, 29 қыркүйек 2025 97

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменованың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды.

Жұлдыз Досбергенқызы бұған дейін Мәжіліс депутаты ретінде біздің комитет құрамында табысты еңбек етті. Осы кезеңде біз иық тірестіріп, талай маңызды бастамаларды бірлесіп жүзеге асырдық.

Ол комитет жұмысына белсенді араласып, бірқатар маңызды заң жобаларын әзірлеуге, салалық реформаларға бастамашы болуға елеулі үлес қосты. Кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары әріптес ретінде танылды.

Комитет мүшелері Жұлдыз Досбергенқызының кандидатурасын бірауыздан қолдады- бұл оның адами және кәсіби қасиеттеріне берілген әділ баға деп білемін.

Жаңа қызметінде зор табыс, сәттілік, алдағы істеріне береке тілеймін!
Еліміздің болашағы үшін атқарар игі істері жемісті әрі баянды болсын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар