Депутат Абзал Құспанның айтуынша, Жомарт Ертаевты босату жөніндегі сот қаулысы күшін жойған. Ал басқа депутат Ермұрат Бапи экс-банкирдің қайтадан түрмеге жіберілетінін жазды, деп хабарлайды Alash.KZ.
- Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Қазақстанның бас прокуратурасы, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!, - дейді Құспан.
Бұған дейін Жомарт Ертаевтың «жақсы тәртібі үшін» бостандыққа шыққаны хабарланған еді. Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша сотталған ол 8 жыл 3 ай 14 күн түрме жазасын өтеген.