Сарыағаш ауданында полицейлер жоғалған қыздың денесін тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ІІД және Сарыағаш аудандық ІІБ криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалған қыздың мәйітін көрші үйдің ауладағы әжетханасынан тапты.
Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Дене жарақаттары табылмады.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полицейлер азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырады.