Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады": Роза Әлқожа інісі мен ұлын ақтап ала ма?

11:03, 08 шілде 2024 4543

Әнші Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппар мен ұлының ұсталуына қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншіге оқырмандарының бірі "Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп жазған. Роза Әлқожа бұған жауап берді.

Пенде өзіне ғана жауап бере алады. Әркім ақылына қарай адымдайды. Бағана біреу жазыпты "балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп. "Жаным, қызым - үйде, қылығы - түзде" дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын "мойнымен көтереді". Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!", - деп жазды ол.

 

Еске салайық, Желіде қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа Қонаевта полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар