Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жертөледе емес, зауытта жүрегі тоқтап қалған” - Арман Дүйсеновтің жары күйеуінің өлімі туралы бар шындықты айтты (ВИДЕО)

11:49, 14 қараша 2025 111

Қазақстанның көрнекті сазгері, марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына сұхбат беріп, композитордың қайтыс болуы туралы алғаш рет ашық жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Айсұлу Айданқызы күйеуінің өліміне қатысты сұраққа алғаш рет жауап беріп, жалған түсініктер мен қауесеттерді жоққа шығарды.Оның айтуынша, көпшілік арасында тараған ақпарат бойынша Арман Дүйсенов жертөледе емес, зауытта қайтыс болған. Сазгердің жақындары мен өнер әлеміндегі әріптестері марқұмның шығармашылығын еске алып, оның музыкасы мен шығармаларының әлі де халыққа қымбат екенін атап өтті.

“Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соғып, “Арманның жағдайы нашар” деп зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұраған едім “Жедел-жәрдем келе жатыр, жылдам жетіңіздер” деп айтты. Зауытқа жетсек, сыртта жедел-жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен екінші қабатқа көтеріліп едік, сөйтсек Арманның бетін жауып тастаған екен. “Не болды?” деп сұрағанымда жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады, бұл тіркелген дүние. Зауыт екі қабаттан тұрады, зауыттың аумағында студия жоқ. “Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой” деп сұрап едім, “Осы жердегі балалармен таң намазына дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде, ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқан кезде тұрмаған екен” деп жауап берді”, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар