Ертең, 26 мамырда, Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады, жаңбырмен бірге қар ұшқындайды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.
Дүйсенбі, 27 мамырда синоптиктердің болжауынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа бұрылып, жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы болады деп болжайды синоптиктер.