Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жайық суының деңгейі 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін" - әкімшілік

19:12, 06 сәуір 2024 722

Мамандардың болжамы бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 10 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Негізінен алғанда,8,5 метрден жоғары көрсеткіш қатерлі болып саналады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Біз Жайық және Шаған өзендерінің қаламен астасып жатқан аумақтарындағы бөгесіндерді нығайтамыз. Топографиялық түсірілім жасалды, біз бар бөгеттерді әрі нығайтуды көздеп отырмыз. БҚО ТЖД-сы судың көтерілуі мерзімі 10-20 сәуірге сәйкес келеді деп болжады. Судың тасуы, шамамен, 15,16,17 сәуірде болады. Облыстың 20-дан астам ірі компаниясы 200-ден астам арнайы техника ұсынды. Жұмысты жалғастырамыз,- деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев. 

Орайы келгенде айта кетейік, бүгін Зашаған кенті аумағындағы саяжай тұрғындарын көшіру жұмыстары басталды. 

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты аталған өзен аңғарында орналасқан саяжай тұрғындары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді. Уақытша тұратын үйлері жоқ адамдар жедел-эвакуациялық пункттерге орналасып жатыр. Олар ыстық тамақ және қажетті гигиеналық құралдармен қамтылады.

Бүгін Стеновик, Уралочка, Дорожник, Отдых, Комарово, Космос саяжайларынан барлығы 178 адам эвакуацияланды. Олар Ақан сері 47/1 мекенжайы бойынша көпқабатты үйдің бірінші қабатында және «Алтын Орда» мәдениет үйіндегі эвакуациялық пункттерге орналасты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар