Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланған.
"Барлығы 7 үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланады. Олар үшін Төленов атындағы орта мектепте орналасқан эвакопункт дайындалды. Қазіргі уақытта қауіпсіз жерлерге жергілікті тұрғындардың 310 малы айдалды", - делінген хабарламада.
Лесхоз Махамбет ауылдық округіне жатады. Барлығы 25 үй бар, олардың тек 7-і тұрғын үй. Тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігі Махамбет ауылында тұрады.
Қазіргі уақытта қыстайтын тұрғындар эвакуациялауға дайын.