Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның әлеуметтік желіде елді айыптап, дөрекі сөз айтты. Оның бұл қылығы көптің шамына тиді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Оған тікелей эфирдегі көрерменнің бірі «әншілер ақшаға ғана баратын иттер» деп жазба қалдырған. Ол сынға дереу ашуланып, былай деді:
«Өзің де ақша үшін жұмысқа барасың ғой. Жұмыс істемесең, мал боласың. Сол сияқты әркім өзінің кәсібі үшін ақша алады. Барлық адам ақша үшін, ұл-қызын бағу үшін жүр. Біздікі көрініп қалады да. Сол сендердің жындарыңа тиеді. «Осынша ақша алады екен» деп ит құсап ұлып отырасыңдар», — деді.