Белгілі әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойында тілек айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.KZ порталы turkystan.kz сайтына сілтеп.
Өнер иесі аталған сәтті ерекше күткенін және күндіз-түні Құдайдан тілегенін жеткізді.
«Қызымның көзінен бір тамшы жас аққанын көргім келмейді. Жас тамса, берекем кетеді. Ішкенім ірің, жегенім желім болады. Оны ешкімге айтпаймын. Үнемі сыртқа мықты болып жүре бересің. Құдай басқа бермесін. Осы ортада отырған ағайындар, балаларыңыздың қызығын көріңіздер! Жалғыздық ешқандай қызық емес. Жалғызбасты әйел өзі өсіп, өне бере дейді. Амалдың жоқтығынан өсіп-өнесің. Сондықтан мен қуаныштымын. Осы күнді күттім, Құдайдан күні-түні тіледім. «Уф» деп енді демалып жатқан сияқтымын. Сәкен сияқты азамат тап болып, балаларымның жадырап-жайнап жүргенін көріп, жүрегім орнына түсті», — деді әнші.
Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова 2020 жылы Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың ортақ ұлдары бар. Қалыңдықтың таңдауы осы жолы блогер Сәкен Қағаровқа түскен.