Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе компанияларына қатысты тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
«Әрбір шағымдарға, әрбір өтінішке қатысты тергеу ашамыз. Былтыр 14 әкімшілік айыппұл шығарылды. Әуе компаниялары жазаға тартылды. Ең жиі тіркелетіні – рейстердің қалуы. Әуе компанияларының уақытында тамақ бермеуі, қонақ үй ұсынбауы сияқты фактілер анықталса, онда жауапкершілікке тартамыз. Оның ішінде ФлайАрыстан да бар. 40 млн теңге айыппұл салынған. Бірақ айыппұлдың сомасына емес, қоғамдық наразылыққа қарау керек. Айыппұлдың салынуы, медиаға шығуы әрбір әуекомпанияның атына, беделіне өте маңызды мәселе, олар оған мән береді», - деді Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.