Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді. Еліміздің абыройын әлемге асқақтатқан даңқты боксшы өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғыс білдіріп, желіде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Достар, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді. Менің есімім Халықаралық бокс Даңқ залына енді!⠀
Боксқа келгеніме 35 жыл болды. Қиыншылықтарға толы ұзақ жолды жүріп өттім.⠀
Осы жылдар ішінде талай еңбектеніп, көптеген шешім қабылдап, қазіргі деңгейіме жету үшін маңызды қадам жасадым.
Енді менің есімім әлемдік бокс тарихының бір бөлігіне айналды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе.
Осы жолда қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын”,- деп жазды Геннадий Головкин.