Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мәйітті пакетке орап, қоқысқа тастаған": Шымкентте жас келіншекті азаптап өлтірген оқушы жайлы сұмдық дерек шықты

20:55, 04 желтоқсан 2025
Шымкентте сот шілде айында үйін тазалауға барған әйелді өлтіріп, денесін қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен оқушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бүгін Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үйін тазалауға барған әйелді өлтіріп, денесін қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен 17 жастағы 11-сынып оқушысын "Адам өлтіру" және "Ұрлық" баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ал дәлелдің болмауына байланысты "Өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау" бабы бойынша ақтады. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Сотталушы жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейтін болды. Оның бұған дейінгі 1 күні жаза мерзімінің бір жарым күніне есептеледі. Жәбірленушілердің моральдық залалды өтеу туралы талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды. Сөйтіп, сотталған оқушының заңды өкілінен 2 ай ішінде екі жәбірленуші мен марқұмның кәмелетке толмаған екі қызына моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге төлеу міндеттелді.

Жәбірленуші тарап сот үкімімен келіспеді. Ал сотталушының әкесі әрі заңды өкілі сот үкімімен келісетінін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар