Алматыда қатты жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Ерік Әліпұлы мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Сейсмикалық жағдайды талдай келе 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжау полигоны ауумағында МСК-64 (К) сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді", - деді Ерік Әліпұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінісі тіркелді.