Халықаралық гроссмейстер, шахматтан Қазақстан чемпионы Жансая Әбдімәлік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Белгілі болғандай, бүгін Жансая Әбдімәліктің жұбайы, Нұрахмет Нұриев басқаратын "Қазақмыс" корпорациясы жоғары марапатқа ие болды.
“Бүгін Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ірі компаниялар арасындағы бас жүлдені «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алды. Марапатты компания басшылығына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.
Бұл компания үшін - үлкен әрі лайықты баға. Ал мен үшін - сүйікті күйеуім үшін ерекше мақтаныш. Сенің бар жан-тәніңді жұмысыңа салатыныңды көремін, мұндай нәтижелердің қандай қажырлы еңбекпен келетінін білемін. Сені сүйемін, мақтанамын және әрдайым жаныңдамын”,- деп жазды Жансая Әбдімәлік.