Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Артында қос құлыншағы қалды…”: Жол апатынан көз жұмған 23 жастағы фельдшер жайлы тың дерек шықты

15:00, 04 желтоқсан 2025

Алматыда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 23 жастағы фельдшер жайлы тың дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында марқұм Нәсибә Мұхтарқызы. жайлы жантебірентерлік жазба жариялады.

"Қош бол, Нәсиба! Алматыда тағы да жол апаты, тағы да жедел жәрдем көлігін асыққан жан қирата соқты. Кесірінен, жас фельдшер сол жерде тіл тартпай кетті… Нәсибаның жасы небәрі 23-те еді… 2 апта бұрын қайтыс болған астаналық әріптесі Ұлданамен жасты. Екеуінікі бір қызмет, ортақ міндет. Нәсибаның жолдасы да медик. Өзі басқа жұмысқа ауысуына орай орнына әйелін кіргізді. Қуанышы қойнына сыймаған Нұрқасым Нәсибаның жедел жәрдемге жұмысқа тұрғанын бәріне өзі жеткізген. Алайда, дәл осы жұмыс орнында жұбайын ажал күтіп тұрғанын қайдан білсін?! 4 ай ғана жұмыс істеді… Бүгін де мен сияқты ауырған бір науқасқа асықты-ау… мен шақырған жедел жәрдем жетті. Ал, Нәсиба жетпей қалды. Ол науқас не болды екен? Анамыз түнгі кезекшіліктен келер уақыты болды ғой деп күтіп отырған қос құлыншағын айтсаңызшы! Шиеттей сәбилер анасыз, еркек жарсыз қалды. Нұрқасымның анасы короновируста қайтыс болған, балаларға екеуі бас-көз болып отырған. Енді не болады…қиын жағдай…қаралы күн… Қош бол, Нәсиба Мұхтарқызы! Марқұмның барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын, Алла панасына алсын!" – деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар