Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еңбек демалысынан бөлек сіз әлеуметтік демалыс ала аласыз - министрлік

09:59, 09 тамыз 2024 398

Әлеуметтік демалыстың еңбек демалысына қатысы жоқ. Ол бөлек беріледі, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

3 күн әлеуметтік демалыс емханада скрининг өтуге арналған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, қызметкерлерге әлеуметтік демалыс Қазақстан Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі.

"Қызметкерлерге (өзге де әлеуметтік демалыстардан басқа) бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс, сондай-ақ жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде 3 жұмыс күні көлемінде демалыс беріледі", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

"Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге міндетті", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Кім және қашан скринингтен өтуі керек?

Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыстың тәртібі мен көлемін айқындау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекспен регламенттеледі.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті.

"Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте анықтау және аурулардың дамуын, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары уәкілетті орган айқындайтын осы зерттеулерді жүргізу тәртібі, көлемі және кезеңділігі бойынша скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар