Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескені хабарланды, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
Назарбаев пен Путиннің жолыққаны жайлы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Владимир Путин Ново-Огарево қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», - делінген хабарламада.
Кездесу жайлы өзге мәлімет жоқ.
Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласында барған. Сапар үстінде Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездескен еді.
Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. Ал соңғы рет Назарбаевты жұртшылық БАӘ-де жүрген кезде көрген.
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылға дейін мемлекетті ресми басқарды.
Ulysmedia.kz порталының жазуынша, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін елде «елбасысыздандыру» деп аталатын науқан басталды. Елордаға бұрынғы атауы Астана қайта қайтарылды. Экс-мемлекет басшысы көпшілік алдына сирек шығатын болды, оның туыстары да бірнеше рет қылмыстық істерге тартылды.