Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына арнап жүрекжарды жазба жариялап, жұбайы Райымға деген ыстық ықыласы мен шексіз алғысын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі жарының тек өнер жолында емес, күнделікті тұрмыста да өзіне берік сүйеніш әрі демеу болып жүргенін атап өтті.
Бұл ретте ол: «Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені «әлемнің ең кереметіне теңеушім» - Райым екені. Барлығы үшін рақмет. Сүйем сені!», – деп ағынан жарылды.
Сонымен қатар Ерке желіде жұбайын жиі мақтап, дәріптей беретіндігінің сырын әзілге сүйей отырып түсіндірді.
«Тек менде күйеу бардай, «күйеуім, күйеуім» деп айта беретінім де осы», – деп жазды.
Сөзін ары қарай сабақтаған әнші барша қыз-келіншектерге бойына қуат беріп, биікке жетелейтін азамат бұйыруын тіледі.
Эстрада жұлдызы: «Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі мен балаларына қамқор болып, қоғамда өз орнын табуы тек санасына байланысты деп білемін. Ер азаматтар аман болсын!», – деп сөзін қорытындылады.