Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы басшылық қызметке тағайындалды

14:12, 03 тамыз 2026

Ерқанат Көпжасарұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қалалық филиалының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Ерқанат Көпжасарұлы 1987 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясында редактор болып бастаған. Кейін Қазақ радиосының Алматы студиясында редактор қызметін атқарды. 

2017-2022 жылдар аралығында «31 канал» телерадиокомпаниясының «Информбюро» ақпараттық бағдарламалар бөлімінде жетекші тілші болды.

2022 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясында продюсер-жүргізуші және «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі қызметін атқарып келді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар