Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі туған бауырының кенже қызы Ақеркенің ұзатылып, Шымкент қаласына келін болғанын айтты.
«Құдалықтамыз. Туған бауырымның кенже қызы Шымкентке келін болды», - деп жазды әнші.
Бұған дейін әнші Ақеркенің ұзату тойынан кадрлар жариялаған еді.
“Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары жас жұбайларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.