Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Дәлелсіз айыптаулар… Барлығы өзі ісі үшін жауап береді»: Әділет Зейнелдің жары мәлімдеме жасады

09:27, 04 тамыз 2026

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің жары Жұлдыз Мырзәли желідегі сыни пікірлерге байланысты мәлімдеме жасап, сотқа арыздануға дайындалып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жұлдыз Мырзәлидің айтуынша, қазіргі уақытта отбасы әлеуметтік желілерде жазылған барлық жазбалар мен пікірлерді, алынған скриншоттар мен бейнематериалдарды жинақтап жатыр. Ол бұл материалдардың алдағы сот процестерінде айғақ ретінде қолданылуы мүмкін екенін алға тартты.

Бұл ретте: «Бұл қорлаулардың, жала жабудың және дәлелсіз айыптаулардың барлығы мамандардың қарауына беріледі. Біз үндемей отырғанымыз кінәлі болғандықтан немесе айтар уәжіміз жоқ болғандықтан емес, дәлел жинап жатқандықтан», – деп жазды.

Сонымен қатар ол жасырын профиль иелеріне де ескерту жасап, фейк аккаунттардың жауапкершіліктен құтқара алмайтынын ескертті.

Сөзін жалғай отырып ол: «Әр адам өз әрекеті мен сөзі үшін жауап береді. Жалған аккаунт ашқандарыңыз біз сіздерді таба алмайды дегенді білдірмейді. Біз енді ғана іске кірістік. Барлығы өз ісі үшін жауап береді», – деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар