Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алтын медаль жеңіп алды”: Бақдәулет Ағабек күрестен U17 әлем чемпионатында топ жарды

10:07, 03 тамыз 2026

Әзірбайжанның Баку қаласында күрестен U17 әлем чемпионаты жалғасуда, деп жазады Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Аарьянмен (Үндістан) күш сынасты. Нәтижесінде Бақдәулет Ағабек 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, бүгін 1 тамызда Сағындық Темірғали (110 келіге дейін) қола жүлде күреседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар