Әділет экс-министрі Марат Бекетаевты қамау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 10 наурызға дейін ұзартылды. Мұны Бас прокуратура хабарлады.
Бұған дейін де Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған еді. Бұрынғы министрдің қамауда отырғанына бір жарым жылға жуықтады. Ол қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр.