Соңғы 4 жыл ішінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа екі рет қастандық жасалмақ болған. Бұл хақында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев хабарлады, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.
"Мен бесін жыл қатарынан еліміздің барлау қызметі басшысы болдым. Президентке екі қастандық жасалмақ болды. Біз бұған жол бермедік", - деді Ташиев сәрсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.