Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дұрыс шешім": Назарбаев зияткерлік мектебінен шығарылған оқушы туралы

13:18, 29 мамыр 2025 1267

Емтиханға ұялы телефон алып кіріп, ескерту жасаған мұғалімді балағаттаған оқушы Назарбаев мектебінен шығарылған болатын. Бүгін Саясат Нұрбек NIS оқушысының мектептен шығарылуы жайында өз пікірін айтты, деп жазады Alash.KZ.

«Мәселе күрделі. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет. Көшіру — өзіңе-өзің зиян тигізу, дипломдық жұмысты көшіру — өзіңе кесел. Бұл студент немесе мектеп оқушысының өзі алмаған білім" деп жазды қазақпарат. 

Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінен оқушының шығарылуына қатысты даулы оқиға өрбіп жатыр және де бұл дұрыс шешім. Өйткені, мықты академиялық адалдықсыз сапалы білім қалыптастыру мүмкін емес. Барлық ең мықты білім жүйесі — канадалық, солтүстікамерикалық, жапондық жүйе академиялық адалдық қағидаты негізінде қалыптасқан.

Егер плагиат қабылданбаса және антиплагиат мәдениеті өте қатаң түрде қалыптасса, онда сапа да болады. Сондықтан мұны дұрыс болды деп есептеймін. Мұндай кез келген жағдайда академиялық адалдық қағидатынан таймау қажет», — деді министр елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумы аясында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар